Алматыда фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтеді
Бапкерлер штабы әлем біріншілігінде медальға таласатын қазақстандық могулистерді бекітті.
7-11 қаңтар аралығында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталады.
Бапкерлер штабы әлем біріншілігінде медальға таласатын қазақстандық могулистерді бекітті.
Олар: Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба.