Алматы-Астана тасжолында жол апатынан 1 адам қаза тапты

5 қаңтар, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

4 қаңтар күні Алматы-Астана тасжолының 140-шақырымында жол апаты болып, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды.

Жол апатынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысы полициясы аталған жол апаты туралы мәлімет берді.

«Алматы-Астана» тасжолының 140-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Астана Алматы