Қоғам

Ұлытау облысында болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Ұлытау облысының полиция департаменті

Полиция жүргізушілерге жол ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді

Ұлытау облысындағы тас жолда 4 қаңтар күні екі көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, олар болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерге жол ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.