Саясат

Қазақ тілінің қоғамдағы маңызын арттыратын нақты қадам – маман

Ақорда

Қазақ тілді контент жасау көбінесе қазақ тілінің қазіргі әлемдегі айқындамасын одан әрі дамытуды, танымал етуді және нығайтуды алдын ала айқындайды

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының жетекші менеджері Бекзат Ермекбаева Президенттің кеше «Ana tili» газетіне берген сұхбатында көтерілген негізгі мәселелер туралы айтты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші жыл қатарынан еліміздің қоғамдық-саяси өмірін бағдарламалық сұхбат ретіндегі әңгімесімен өткен жылды қорытындылады. Негізгі көтерілген мәселелер үкімет қызметі, қаржылық-валюталық саясат, инфрақұрылымдық даму, цифрландыру, негізгі жетістіктер, біріңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі, сондай ақ “Қаңтар оқиғасын”, Н.Назарбаевтың тарихи рөлі туралы өз ойларын бөлісті. Президент сұхбатты қазақ тілді басылымға берді. Бұл қоғамдық диалог пен мәдени құндылықтарды насихаттаудың маңызды институт ретінде қазақ тілді БАҚ-тың рөлін күшейтудің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. 

Қазақ тілді контент жасау көбінесе қазақ тілінің қазіргі әлемдегі айқындамасын одан әрі дамытуды, танымал етуді және нығайтуды алдын ала айқындайды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның мәдени ерекшелігіне, ұлттық санасына және жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. 

Мемлекет басшысы қазақ тілін білу сәнге айналып, жастардың оны үйренуге ұмтылысы артқанын айтты. Бизнес өкілдері де, маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізе бастаған. Бұл – қазақ тілінің қоғамдағы маңызын арттырып, оны қазіргі заман талаптарына сай жаңа деңгейге бағытталған нақты қадам», – деді.