ТЖМ күштері екі тәулікте 182 адамды құтқарды
Оның 57-сі бала.
Қазақстанның ТЖМ күштері екі тәулік ішінде 182 адамды, оның ішінде 57 баланы құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
1-2 қаңтарда Қазақстан ТЖМ күштері 396 қоңырауға шыққан. Оның 195-і өрт, жану оқиғалары, 201-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да шаралар.
Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылып, эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынады.