Қарағанды тас жолында 800 автокөлік жиналды
Көлік кептелісіне ауа-райының бұзылуы себеп болған.
Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты.
Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған.
Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.
Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттіліксіз шықпауға шақырады.