Тоқаев өзі туралы БҰҰ басқарады-мыс деген сыбысқа жауап берді
Елімізді дамытуға қатысты ауқымды жоспарларым бар, соны жүзеге асыруға ниеттімін.
Ел арасында Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын басқаруы мүмкін. Соған орай елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет бар. Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бұл сұраққа да жауап берді.
«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.