СҚО-да жаңа жыл кешінде үй қожайыны қонағын атып тастаған
Ауылдасын қонаққа шақырып, оны атып өлтірген.
Оқиға 1 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында орын алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Кісі өлтіру бойынша күдікті ретінде Жамбыл ауданында тұратын 41 жастағы азамат ұсталды.
«Кісі өлтіру спиртті ішімдікті бірге ішудің нәтижесінде орын алған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, олардан алынған ақпаратқа сәйкес, қылмыс орнынан тіркеусіз шолақ мылтық тәркіленген.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.