Абай облысындағы қыстаудан бір жасар науқас бала эвакуацияланды

2 қаңтар, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Құтқарушылар Алматы-Өскемен тас жолына эвакуациялаған.

Абай облысында бір жасар науқас сәби қыстауынан дәрігерлерге жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz  Massaget.kz -ке сілтеме жасап. 

"Абай облысы, Аягөз қалалық өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне 2023 жылы туылған науқас баланы қыстаудан жеткізуге көмек қажет екендігі туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар фельдшермен бірге науқасқа жетіп, оны тексеріп, баланы және оның ата-анасын Алматы-Өскемен тас жолына эвакуациялаған. 

Тэгтер:

Абай облысы