Алматыдағы ойын-сауық орталығы өртенді
Өрттің таралуына ауа тартқыш құбырда жиналған май қалдықтарының жануы себеп болған.
М.Әуезов ауданында орналасқан «Moskva» сауда-ойын сауық орталығының шатыры өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.
«10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге жеке құрамнан 65 адам және 20 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.