Алматы маңында жер сілкінді

2 қаңтар, 2025 / Админ
pixabay.com
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Алматыдан солтүстік – шығысқа қарай 192 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше жер сілкінісі 2 қаңтар күні сағат 17:13-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы – Қазақстан аумағы, Алматы қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 192 шақырым жерде болған.

Жер сілкінісі 2 балды құраған. Жер сілкінісі Алматы облысының Шонжы, Көкпек, Шелек елдімекендерінде, Жаркент қаласында, Жетісу облысының Сарыөзек ауылында сезілген.

 

Тэгтер:

Жер сілкінісі