Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тоқ соққан азамат жанып кетті

видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысындағы электр станцияларының бірінде болған.

31 желтоқсан күні кешкісін К.Нокин ауылының 38 жастағы тұрғыны неге жарық жоқ екенін тексеру үшін электр станциясына барған. Бірақ тоқ соғып, сол жерде көз жұмған. Ал станция отқа оранған.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті электр станциясында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Алдын-ала дерек бойынша өлім себебі – тоқ соғу.