Жаңалықтар

Бірнеше облыста республикалық автожол жабылды

istockphoto.com

Ауа-райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста республикалық автожол жабылды.

2025 жылғы 1 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты

Қостанай облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырымы аралығында ( Әулиекөл-Ақмола обл.шекарасы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды;

Ақмола облысында:

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы аралығында ( Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)

- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық)

- «Жезқазған-Петропавл» автожолынығ 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 01 қантар сағат 15:00-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының

- 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін)

- 729-768 шақырым аралығында (Қостанай обл.шекарасы-Тоқсан би) учаскелерінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

2025 жылғы 01 қантар сағат 15:00-те Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 02 қантар сағат 09:00-да жолды ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.