Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

1 қаңтар, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады

Синоптиктердің болжамы бойынша, 1 қаңтарда Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.