Димаш Құдайберген бейнежазба арқылы барша тыңдарманына жылы лебізін жеткізді, деп жазды turkystan.kz.
«Баршаңызды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Еліміз бен халқымыз бәле-жала, тіл-көзден аулақ болсын. Қайғы-қасірет, мұң дегенді бұдан әрмен естімейтін болайық. Алла Тағаладан келер жылы тек қана жақсылықты нәсіп ет деп тілейік. Отбасыларыңызға ырыс-несібе, табыс тілегім келеді. Денсаулықтарыңыз мықты болып, жақындарыңыз ешқашан ауырмасын. Әлемде тыныштық болып, әлемнің әрбір тұрғыны бақытты, қуанышқа толы ғұмыр кешсін.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!», - деді әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Димаш Қытайдағы жаңа жылдық концертте өнер көрсеткені туралы жазған едік.