QAZAQ AIR акциялары сатылды
Бұл келісім Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға бағытталған.
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ “QAZAQ AIR” АҚ акцияларын инвесторлар консорциумына сату туралы келісімшартқа қол қойды.
Келісім “Central Asia Aviation Holdings Limited” (вьетнамдық Sovico Group бөлігі) және қазақстандық “Kazasia Holdings Limited” арасында жасалған.
Инвесторлар әуе компаниясын стратегиялық тұрғыда өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл QAZAQ AIR-ді Орталық Азиядағы авиация көшбасшысына айналдырады.
QAZAQ AIR-ді сатып алған консорциум қатарында Central Asia Aviation Holdings Limited және Kazasia Holdings Limited сияқты жекелеген компаниялар бар.
Келісім жабық саналады. Ал акциялар барлық шарттар орындалған соң инвесторлардың меншігіне беріледі.
Бұл келісім Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға бағытталған.