Жаңалықтар

Астана тұрғыны 10 жыл бойы Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып келген

pixabay.com

Одан сот арқылы заңсыз төленген 8,9 млн теңге зейнетақы төлемі өндірілді.

Астана қаласының тұрғыны 10 жыл бойы Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып отырған, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Прокуратурасы хабарлады.

«Қала тұрғынында Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтығы болған. 10 жыл бойы екі мемлекеттен зейнетақы төлемін алып отырған», - делінген хабарламада.

Одан сот арқылы заңсыз төленген 8,9 млн теңге зейнетақы төлемі өндірілді.