Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Мереке күндері қала ішілік автобустар мен қала маңына қатынайтын автобустар демалыс күннің кестесі бойынша жүреді: 6:00-ден бастап 23:00 дейін.
1 қаңтарда сағат 10:00 дейін қала ішіндегі автобустар бір-бірден жүреді. Одан кейін штаттық режимге ауысады.
2-4 қаңтарда демалыс күннің кестесі бойынша жүреді.
5-6 қаңтарда жұмыс күнінің кестесіне сәйкес штаттық режимде жүреді.
7 қаңтарда демалыс күннің кестесіне сәйкес жүреді.