Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алады?

Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл мерекесін қайда және қалай қарсы алатыны белгілі болды.

"Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды", – дейді Берік Уәли.