Президент мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
Президент қол қойған өкімде:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.