Жаңалықтар

1 млрд теңге ұрлаған азамат Дубайда ұсталды

polisia.kz

Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

Күдікті 2022 жылы басқа адамдармен бірлесіп, Алматыда ЖШС шотынан өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазір ол қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.