Алматыда көрші мемлекетте іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Ол жалған құжат жасап, ақша ұрлады деген күдікке ілінді.
«Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен жымқырғаны үшін Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады», - делінген ІІМ Telegram-дағы арнасындағы хабарламада.
2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін ер адам жалған құжат жасау арқылы 162 миллион өзбек сомын жымқырған.