Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

31 желтоқсан, 2024 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады

 2024 жылғы 31 желтоқсанда Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Астана, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.