«Ең соңғы аялдамам»: Айгүл Иманбаева 2024 жылға қорытынды жасады

30 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден алынған
Актриса Айгүл Иманбаева желіде жазба жариялады.

Өнер иесі биыл атқарған шаруаларына қорытынды жасады, деп жазды turkystan.kz.

Алайда Айгүл Иманбаеваның жазбасы қорытындыға қарағанда, сауалға көбірек ұқсайды.

«Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз, Жаратқанға! Мен кіммін? Қайда барамын? Менің ең соңғы аялдамам қандай деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір Жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керектігін түсінесің. Ал сіздер жылдық қорытындыны қалай жасайсыздар?!» деп жазды Айгүл Иманбаева.

 

 

 

 

 

 

Тэгтер:

Айгүл Иманбаева Жаңа жыл