Жаңалықтар

«Демал, демал!»: Абай облысында қызды құтқару сәті видеоға түсіп қалды

Сурет: www.gov.kz

Қазіргі уақытта қыздың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері астма салдарынан тұншыққан 20 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz. «Оқиға ол патрульдік көліктен көмек сұрап келген кезде болды. Кенеттен есінен танып қалған қызға полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Қызды суықтан қорғау үшін олар өздерінің күртелерін астына төседі. Медициналық көмек келгенге дейін Еркебұлан Мейрамбекұлы мен Жасұлан Тұяқов барынша күш салып, оның жағдайын тұрақтандырды», — делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.