Шоколадқа қауіп төніп тұр: Өндірушілер какао мен қантқа балама іздеп жатыр
Шоколад өндірушілер какао мен қантқа балама іздеп жатыр.
Financial Times басылымының мәліметінше, какао мен қант бағасының күрт өсуіне байланысты шоколад өндірушілері балама өнімдер жасауға көшуде.
Финляндиялық Fazer компаниясы ржадан және кокос майынан жасалған «шоколадты» нарыққа шығарды. Mondelez International (Oreo және Milka брендтерінің иесі) бұл бағытта алға жылжып, жасушалық технология негізінде какао өндіретін стартапқа инвестиция салуда.
Соңғы бір жылда какао бағасы үш есеге өсіп, тоннасы 12 000 долларға жетті. Сарапшылардың пікірінше, «алдағы 20 жылда бізде шоколад болмауы мүмкін».