YouTube пен стриминг платформаларынан не көруге болатынын іздеуге жыл сайын 110 сағат кетеді – зерттеу
YouTube пен стриминг платформаларынан не көруге болатынын іздеуге жыл сайын 110 сағат, яғни 5 күн кетеді.
Сарапшылардың айтуынша, қазір қандай фильм немесе қарапайым видеоны көретініңді таңдау 10 жыл бұрынғыға қарағанда қиынырақ. Себебі, контент тым көп, ал "ақылды" алгоритмдер көмектесудің орнына, бізді ұсыныстарға "көміп" тастайды.
Зерттеу нәтижелері адамдардың жылына орта есеппен 110 сағатын қолайлы фильм не видео іздеуге жұмсайтынын көрсеткен. Бұл бір жылда – 5 күнге тең. Қазіргі заманның шексіз контент ағыны таңдау жасауды барған сайын қиындата түсуде.