Жаңалықтар

Павлодарлық дәрігер ұшақта жолаушыны құтқарып қалды

ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

29 желтоқсанында Ташкенттен Астанаға бағытталған рейсте бір жолаушының жағдайы нашарлап кетті. Бұл уақытта ұшақтың бортында Павлодарлық анестезиолог-реаниматолог Мұрат Сүлейменов болып, дереу медициналық көмек көрсетті.

Қарағандылық блогер Денис Денскийдің айтуынша, ұшақта болған оның досы дәрігердің әйелден бір сағаттан астам уақыт бойы ажырамай, медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын бақылағанын жеткізді.

«Үлкен бақыт, ол жақын жерде болып, көмек көрсетті!» — деп жазды блогер өзінің Instagram парақшасында.

Экипаждың үйлесімді жұмысы мен Мұрат Сүлейменовтің кәсібилігінің арқасында әйелдің жағдайы айтарлықтай жақсарып, ол жолды жеңіл әрі сенімді түрде жалғастыра алды.

Бұл жағдай жоғары білікті мамандық пен төтенше жағдайларда көмек көрсетуге дайындықтың адам өмірін сақтауға қалай әсер ететінінің жарқын үлгісі болды.

Мұрат Сүлейменов Павлодар теміржол ауруханасында анестезиолог ретінде жұмыс істейді, жоғары біліктілік санатына ие және 28 жылдық еңбек өтілі бар.