Бакуден Ақтауға қонған тағы бір ұшақтан ақау табылды

30 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, оқиға сағат 09:04-те болған. Бортта жолаушылар болмаған.

Әзербайжанның Баку қаласынан Ақтауға ұшып келген ұшақтан ақау табылды. Аталған жайтқа қатысты ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, оқиға сағат 09:04-те болған. Бортта жолаушылар болмаған. 

«Қондыру қалыпты өтті. Ұшақтың тұмсығында ақау шықты. Аэродром және жерүсті қызметтері ұшақты ұшып-қону жолағынан сүйреп шығарды. Әуежай ашық және қалыпты режимде жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Әзербайжан Ақтау Ұшақ