«Достары жұмысқа іздеп келіпті»: Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлы жайлы жазды
Ол ұлының достарын ертіп, елордадағы мешітке барып, рухына құран бағыштағанын мәлім етті.
Ол ұлының достарын ертіп, елордадағы мешітке барып, рухына құран бағыштағанын мәлім етті.
«Бүгін марқұм Әлихан батырымның сыныптас достары Ерасыл мен Бексұлтан мені жұмысқа іздеп келіпті. Айтуларынша, Әлихан түстеріне кіріп «әкеме барыңдар» депті. Сосын екеуін ертіп Әлихан Құранның әліпбиін үйренген «Әзірет Сұлтан» мешітіне бардық. Достарына баламның дін ілімін оқыған бөлмелерін көрсетіп, рухына құран бағыштадық.
Ерасыл Астана IT университетінде инженерлік мамандықта, Бексұлтан Астана Медицина университетінде хирург мамандығында бірінші курста оқып жатыр. Әлиханымның жетпеген биігін осы балапандарға нәсіп етсе екен деп Алладан тілеймін! Достарын ұмыта алмай жүр ғой, айналайындар», - деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы.