Қоғам

Қосшыда тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, 4 адам уланып қалды

istockphoto.com

Шақыру орнына келген құтқарушылар баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы тұрғын кешендерінің бірінде электр сымдары тұйықталып, салдарынан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт үйдің жертөлесінде орналасқан сұлулық салонының төбесіне көшті. Шақыру орнына келген құтқарушылар баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

"Сондай-ақ үйдің жоғарғы қабаттарынан төрт адам, оның ішінде үш бала автокөлік сатысының көмегімен құтқарылды. Өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.