Қоғам

Абай облысында адасып кеткен малшы табылды

Polisia.kz

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді

Абай облысында құтқарушылар адасып кеткен малшыны тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Бүгін түнде 112 пультіне кеше таңертең Жарма ауданында "Қаратоған" шаруа қожалығынан мал бағуға шыққан 1981 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тауып, туыстарына жеткізді. Ер адам зардап шеккен жоқ", – деп мәлімдеді ведомстводан.