Қоғам

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Ашық дереккөз

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлеріне жол жабылды

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар екі жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлеріне жол жабылды.

“Шығыс Қазақстан облысында сағат 14:00-де «Алматы – Өскемен» автожолының Абай облысы шекарасынан Ұлан ауылына дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылды. Абай облысында осы жолдың Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі бөлігі де жабылды,” – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, шектеулер ауа райының күрт нашарлауынан енгізілген. Қарлы боран мен көру мүмкіндігінің төмендігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Алдын ала болжам бойынша, жолдар 28 желтоқсан күні сағат 18:00-де қайта ашылады деп күтілуде.

Тұрғындар мен жүргізушілерге шұғыл ескертулерді бақылап, алыс сапарлардан уақытша бас тарту ұсынылады.