Қоғам

Ақтауда әскери қызметшілер ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсырды

Қорғаныс министрлігі

500-ден астам ақтаулық донор болып, қан тапсырды

Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға қан тапсырды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

500-ден астам ақтаулық донор болып, қан тапсырды. Олардың арасында Ақтау гарнизоны әскери полиция жасағының әскери қызметшілері де бар

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын.