Қоғам

Түркістанда 1 млн теңге бопсалаған блогер анықталды

Полиция

Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында блогер 1 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобаларын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 миллион теңге талап еткен.

Тексеру барысында күдіктіден ақша аударылған сомасы көрсетілген банк картасы мен журналистік қызмет куәлігі табылған.

Айта кетерлігі, күдікті өңірде блогер ретінде танымал болып, әлеуметтік желілерде белсенділік танытып келген.

Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.