Ақтөбе облысында жоғалған жұмысшыға қатысты ресми мәлімдеме жасалды
ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізгенін баяндады.
Кеше Ақтөбе облысының құтқару қызметіне Шалқар ауданы шаруа қожалығының жұмысшысы Қауылжыр ауылына жол тартып, жол таппай адасып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп жазды turkystan.kz.
Бүгін іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп аталған 1986 жылғы ер азамат Шалқар қаласынан 47 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары және кинологпен «Сальма» есімді төртаяқты құтқару иті, ПД қызметкерлері, ЖАО мен жергілікті тұрғындар қатысты.