Ақтөбеде 2 көлік соқтығысып, біреуі көпірден құлап кетті
Жараланған екі адам Алға аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жараланған екі адам Алға аудандық ауруханасына жеткізілді.
«70 жастағы ер адамның бас сүйегіне зақым келді, миы шайқалды. Оң жақ бұғанасының жабық сынығы тіркелді. Оны облыстық көпсалалы аурухананың травматология бөліміне жеткізді. Сонымен бірге 47 жастағы ер адамның бас сүйегі жараланып, миы шайқалды. Алға аудандық ауруханасының хирургия бөліміне стационарға жатқызылды. Ол ем қабылдайды», – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.