Белгілі балуан басшылық қызметке тағайындалды

27 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
wrestling.kz
Мақсат Аршабайұлы – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Белгілі балуан Мақсат Ережепов Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы өңірдегі Күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат Аршабайұлы – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.

Ал Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Атқарушы директоры қызметін Талғат Бағитжанұлы Жиентаев атқарады. Ол – ел тарихындағы ең атақты спортшылардың бірі.

Тэгтер:

Президент Қостанай облысы федерация Грек-рим күресі