Жаңалықтар

Алматыда есірткі жарнамалаған 22 Telegram-арна жабылды

istockphoto.com

Сонымен қатар онда «закладчик» ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды.

Алматы қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды және сатуды жүзеге асырған 22 Telegram-арнасының қызметін тоқтатты.

Бұл арналарға қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу ғана емес, сонымен қатар «закладчик» ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды.

Сот Жетісу ауданы прокурорының аталған интернет-ресурстарға тыйым салу туралы талап-арызын қанағаттандырып, олардың қызметі тоқтатылды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жедел шаралар қабылдау үшін есірткі тарату фактілері және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.