Жаһан

Haval автокөлігін құрастыратын зауыттан өрт шықты

Сурет: Жасанды интелект

Ресейдегі көлік құрастыратын зауыт өртеніп кете жаздады.

Ресейдің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Тула облысының Узловский ауданындағы Haval автомобиль зауытында болған өртке байланысты 510 адамды эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Өрт сөндіру бөліміне жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Узловский ауданындағы автомобиль зауытында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жеткен.

«Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының келісілген және кәсіби әрекетінің арқасында цехтардың бірінде шыққан картон жәшіктер өрті дер кезінде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 15 техника мен 60 адам жұмыс істеген.