Нью-Йоркте такси көлігі адамдар нөпірін соғып кетті

26 желтоқсан, 2024 / Өтей Торғайұлы
Оқиға Геральд-сквердегі атақты Macy's дүкенінің жанында болған.

Рождество күні Нью-Йорктегі Геральд-скверде такси жаяу жүргіншілер тобын басып өтіп, алты адамды жарақаттады, деп хабарлады turkystan.kz.

Fox News телеарнасының хабарлауынша, оқиға Геральд-сквердегі атақты Macy's дүкенінің жанында болған.

Болжам бойынша жүргізуші жүрек талмасына ұшыраған болуы мүмкін. Зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға түскен. Олардың арасында тоғыз жастағы бала бар.

Полиция оқиға орнын тексеруді жалғастыруда, бірақ әзірге апатты оқыс оқиға ретінде қарастыруда.

Тэгтер:

Нью-Йорк Такси апат