Боксшы Мэнни Пакьяо 2025 жылы рингке оралады
Бұл туралы филипиндік боксшының өзі ТАСС агенттігіне айтқан.
Бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо боксқа 2025 жылы оралады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев Пакьяоға 2025 жылы Мәскеуде жекпе-жек өткізуді ұсынған болатын.
«Мен мансабымды жалғастырып, 2025 жылы ораламын. Бізде бірқатар ұсыныс бар, қазір талқылап, таңдаймыз», - деді Пакьяо.
Пакьяо 46 жаста. Оның 62 жеңісі (39 нокаутпен), 8 жеңіліс және 2 тең нәтижесі бар. 2021 жылғы соңғы ресми жекпе-жегінде Пакьяо кубалық Йорденис Угастан жеңіліп қалған.