Астанада жеңгетайлықпен айналысқан әйел 2 млрд теңге заңсыз тапқан

26 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.

Астана тұрғыны 2021-2023 жылдары жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған. 

Тергеу барысы күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді. 

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген. 

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті: 

Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылды. 

Тергеу басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін екі бөлмелі 5 пәтерді 143,5 миллион теңгеге қайта сатып 51,5 миллион теңге қосымша қылмыстық табыс тапқан. 

Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін  6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.

Тэгтер:

Астана жезөкшелік