Жаңалықтар

Сакура гүлдеген шақ

ашық дереккөзі

Сакура гүлдеген шақ

АҚШ астанасы Вашингтондағы ауа райының күрт суытуына қарамастан сакура ағаштары бүршік жарды. Демалыс күні шаһарда көктемнің осы бір мезетіне арналған дәстүрлі ұлттық фестиваль басталды. Қалаға мыңдаған саяхатшы келген. Қонақтар сакураның ғажайып гүлдену сәтін көріп, түрлі шараларды тамашалады. Ал Вашингтон қаласына бұл ағаштарды 1912 жылы Токио мэрі АҚШ пен Жапония арасындағы достықтықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Сөйтіп саябақтарға 3 700 көшет отырғызылды. Біраз жылдан кейін сакураның гүлденуі Жапониядағыдай Вашингтонда да шаһар халқының асыға күтетін көрінісінің біріне айналды. Ал аталған фестиваль бірнеше аптаға созылады. Неха Орора, саяхатшы: - Бұл мекенде бірінші рет болуым. Сакураның гүлденгенін көріп, ерекше әсерге бөлендім. Мен мына гүлденген ағаштардың арасында бақытты сезініп тұрмын.