Қоғам

Әуе апатынан қаза тапқан студент бір үйдің жалғызы болып шықты

Студент жігіт Шешен Республикасына бара жатқан.

25 желтоқсан күні таңертең Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс болғандардың арасында Сумгайыт қаласының 20 жастағы тұрғыны Махмуд Тутунчиев бар, деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы APA TV-ге қаза тапқан жігіттің досы Пярвин Асланлы айтқан.

Оның сөзінше, Махмуд Шешен Республикасына демалуға бара жатқан.

«Біз сағат 7:00 шамасында әуежайда кездестік, мен оны шығарып салдым. Ол менімен бір топта оқитын, біз Ұлттық авиация академиясында білім алдық. Махмуд отбасының жалғыз баласы еді және болашаққа үлкен жоспарлар құрып жүрген. Оның қаза тапқаны туралы әлеуметтік желілерден білдім. Өкінішке қарай, қазір оның отбасымен байланысуға мүмкіндік болмай тұр», - деді жас жігіт.