Жаңалықтар

Ұшақ бортындағы алты қазақстандықтың тағдыры белгілі болды

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған қазақстандықтар туралы ресми ақпарат айтылды.

Қазақстанның Көлік министрі брифинг кезінде ұшақ бортындағы алты қазақстандықтың қаза тапқанын хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

«67 адам бортта болған, оның бесеуі экипаж мүшесі. Барлығы 38 адам қаза тапты. Марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сағат 11:28-де ұшақпен байланыс үзіліп кеткен. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды», - деп мәлім етті Көлік министрі Марат Қарабаев. 

Айта кетейік, марқұмдардың денесін туыстары анықтау және тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ала алады.