«Біз үшін қайғылы күн»: Маңғыстау жастары Ақтаудағы Әзербайжан консулдығының алдына гүл шоқтарын қойды (ВИДЕО)
Маңғыстаулықтар Ақтауда болған ұшақ апатынан қаза тапқандарға қайғыра көңіл айтып, Әзербайжан консулдығы алдына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты.
«Бүгін жұртшылық үшін қайғылы күн. Бортта болған азаматтардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз! Осы көңілімізді білдіру үшін Әзербайжан елшілігіне келіп, гүл шоқтарын қойып отырмыз. Жастарымыз қан тапсыру орталығына барып, зардап шеккендерге көмектерін тигізіп жатыр. Бұндай оқиғалар енді болмасын деп тілейміз», – деді Amanat партиясының Маңғыстаудағы филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев.
Айта кетейік, бүгін Ақтау әуежайы маңында жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақтың Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі екені белгілі болды.