Бас прокуратура ұшақ апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.
«Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына үкіметтік комиссия құрамында елдің Бас көлік прокуроры барды.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Embraer 190 ұшағы Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлағанын жаздық. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Құлау алдында ол Каспий теңізінің үстінен Төтенше жағдайлар департаментіне сигналын берген. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Тірі қалғандар бар екені хабарланды. Ұшақ ішінде 69 адам болған. Аман қалғандар саны – 32.