Мәжіліс Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды қабылдады

25 желтоқсан, 2024 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Заң Түркістанды рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде қалыптастыруды, тарихи мұраны қорғауды көздейді.

Мәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң мен ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Заң Түркістанды рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде қалыптастыруды, тарихи мұраны қорғауды көздейді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағынан 100 метр радиуста биіктігі 7 метрден асатын және тарихи ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға тыйым салынады. Қолөнершілер шығындарының 10%-25%-ын жергілікті бюджет өтейді.

Түркістан әкімдігіне 27, мәслихатқа 7 жаңа өкілеттік беріледі. Жер кодексіне және тарихи-мәдени мұра мен құрылыс саласындағы заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Тэгтер:

Мәртебе Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи