Жаңалықтар

Көлік министрлігі: Ақтауда құлаған ұшақта 62 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған

скриншот

«Қазаэронавигация» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ құспен соқтығысқан.

Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.

«Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған», - делінген министрлік хабарламасында.

ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Оқиға орнында дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Аман қалғандар туралы ақпарат нақтылануда.

Құлаған ұшақ тұманға байланысты Ақтау әуежайына қонбақ болған. Грозныйдағы тұманға байланысты лайнер Махачкалаға, одан кейін Ақтауға бағытталды.

«Қазаэронавигация» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ құспен соқтығысқан.

Соңғы мәліметтер бойынша, 12 адам аман қалды. Апат болған жерден түрлі дене жарақаттарымен 12 адам (оның бірі бала) Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.